«Ashyq» қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер саны көбейіп келеді
Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Мекемеге кірер кезде және шығар сәтте QR-кодтар белгіленеді. Осы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе тасымалдаушы еместігі туралы мәртебесі анықталады. Қазір қосымшаны фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар мен сауналар пайдаланады. Кәсіпкерлер үшін жобаның артықшылығы — оның аясында жұмыс істей отырып, қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады. Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі: –– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде; – «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған; – «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ; – «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.
-->Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Мекемеге кірер кезде және шығар сәтте QR-кодтар белгіленеді. Осы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе тасымалдаушы еместігі туралы мәртебесі анықталады. Қазір қосымшаны фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар мен сауналар пайдаланады. Кәсіпкерлер үшін жобаның артықшылығы — оның аясында жұмыс істей отырып, қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады. Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі: –– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде; – «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған; – «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ; – «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.