Елорда жаңалықтары

Дулат Тастекеев Президенттің үндеуіне байланысты өзінің пікірін білдірді

[caption id="attachment_6385" align="alignnone" width="800"] Фото интернеттен алынды[/caption] «Әлемді шарлап кеткен коронавирус індетімен күрес жүргізу мақсатында елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Осындай кезеңде қарапайым халықтың Ұлттық қордың көмегін алатын кезі келген сияқты. Бұл туралы кеше Президент өзінің мәлімдемесінде айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі зейнетақы мен әлеуметтік көмек мөлшерінің 10 пайызға артатынын, ол үшін 200 миллиард теңгенің бөлінгенін мәлімдеді. Бұл – әрине, көңіл қуантарлық жағдай. Сонымен қатар жұмыстары тоқтап, уақытша табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі айлық көрсеткіштегі 42 500 теңгелік әлеуметтік көмек берілуі олардың тығырықтан шығуына септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Дулат Тастекеев. Оның айтуынша, зейнетақы немесе жалақы көтерілген кезде инфляцияның орын алуына әкеп соғады. Дегенмен ол бұл жолы инфляцияға жол берілмеуі мүмкін екенін айтты. «Бұған дейін шағын және орта кәсіп иелерінің 1 маусымға дейін салықтан босатылатыны туралы айтылған болатын. Кеше Президентіміз бұл мерзімнің 1 қазанға дейін ұзартылатынын жетекізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жағдайдан көбірек зардап шеккен бизнес өкілдерін тек салықты төлеуден ғана емес, салықтың есептелуінен де босату қарастырылып жатқанын айтты. Егер бұл мәселе оңынан шешілсе, кәсіпкерлерге үлкен қолдау болатыны анық. Сол сияқты өзге елдерден импортталатын азық-түлік және медициналық тауарларды тасымалдаушыларды да баж салығынан босатуды қарастырып жатқанын айтып өтті. Соның арқасында тұрғындар тұтынатын қажетті тауарлардың тапшылығы болмайды деп ойлаймын. Айта кету керек, біз де қаржы компаниясы ретінде өз тарапымыздан осы жағдайдан қиындық көрген азаматтарға 15 маусымға дейін төлемдерін шегеру жөнінде шешім қабылдап отырмыз», – деді бизнесмен. Сонымен қатар ол мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына да қолдау көрсетіліп жатқаны көңіл қуантарлық жағдай екенін тілге тиек етті. «Қарапайым заттар экономикасы аясында көктемгі ауылшаруашылық жұмыстарға 100 миллиард теңге бөлінбек. Сол сияқты егін егумен айналысатын шаруа қожалықтарына жанар-жағармай 15 пайыздық жеңілдікпен берілмек. Осының барлығы бизнесмендер мен халықтың әл-ауқатын көтеру үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор қолдау деп есептеймін», – деді Д.Тастекеев.

-->