Паралимпиадалық дайындық орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға шақырады
Мүмкіндігі шектеулі жандар мұнда пара үстел теннисі, пара дзюдо, пара каратэ, пара таэквондо, йога, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бочча, голбол, пара бадминтон, отырып ойнау волейболы, дартс, пара пауэрлифтинг және пара черлидинг сияқты спорт түрлерімен айналыса алады. Жаттығудан бос уақытта қызықты кітаптар оқып, сондай-ақ үстел ойындарын да ойнауға болады. «Біздің спортышыларымыз айтқандай, олардың өмірі 180 градусқа өзгерді. Өйткені олардың мақсатына жетуге деген мүмкіндіктері ашылды», - деді Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының директоры Марғұлан Қияқов. Айта кетсек, орталықта жүргізілетін барлық қызметтер тегін. Алайда карантин кезінде барлық процедура алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 790-444 Дүйсенбі-жұма сағат 09:00-18:00 дейін (түскі үзіліс 13:00-14:00) 8 701 789 9669. Instagram ресми аккаунты: @paralympic_training_center. Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақшоқы орамы, 2.
--> «Сіздерге арнайы бейімделген жаттығу залын, әртүрлі секциялар түрлерін, сондай-ақ 1 ай белсенді жаттығудан кейін массажды алуды ұсынамыз. Массаж қабылдау орталықтың спорт дәрігері арқылы жүргізіледі», - делінген ақпаратта.Мүмкіндігі шектеулі жандар мұнда пара үстел теннисі, пара дзюдо, пара каратэ, пара таэквондо, йога, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бочча, голбол, пара бадминтон, отырып ойнау волейболы, дартс, пара пауэрлифтинг және пара черлидинг сияқты спорт түрлерімен айналыса алады. Жаттығудан бос уақытта қызықты кітаптар оқып, сондай-ақ үстел ойындарын да ойнауға болады. «Біздің спортышыларымыз айтқандай, олардың өмірі 180 градусқа өзгерді. Өйткені олардың мақсатына жетуге деген мүмкіндіктері ашылды», - деді Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының директоры Марғұлан Қияқов. Айта кетсек, орталықта жүргізілетін барлық қызметтер тегін. Алайда карантин кезінде барлық процедура алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 790-444 Дүйсенбі-жұма сағат 09:00-18:00 дейін (түскі үзіліс 13:00-14:00) 8 701 789 9669. Instagram ресми аккаунты: @paralympic_training_center. Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақшоқы орамы, 2.