Елордалық полицейлер «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр
Аталған іс-шара аясында 26 қаңтар күні Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің жеке құрамы “Жаннұр” сауда үйінде әлеуметтік бюро өткізді.
Ондағы мақсат – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және болдырмау.
Сауда үйіне келушілер тек сауда жасап қана емес, сонымен қатар құқықтық көмек алып, тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда әрекет етудің алгоритмімен де танысты. Келушілерге брошюралар мен буклеттер таратылды. Тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға өкілетті орган мамандары жауап берді.
-->Аталған іс-шара аясында 26 қаңтар күні Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің жеке құрамы “Жаннұр” сауда үйінде әлеуметтік бюро өткізді.