Жол ақысын төлемеген жолаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды
⠀ «Жол ақысын төлеуден бас тартатын жолаушылармен күресу үшін Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті тексерулер өткізеді. Осылайша, 2021 жылдың басынан бастап Департамент қоғамдық көліктердегі жол ақысын төлеуден бас тартудың 38 556 фактісін анықтады, 1671 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол ақысын төлемейтін жолаушылар саны 123% өсті», делінген хабарламада. 2020 жылы жалпы салынған айыппұлдардың сомасы 16 323 740 теңгені құрады. Елордалық автобустарда билетсіз жүру фактілерінің саны 208 мыңға жуық болған, соның ішінде 2 979 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Елорданың қоғамдық көліктеріндегі орташа жолаушылар ағыны күніне 495 мың адамды құрайды.
-->⠀ «Жол ақысын төлеуден бас тартатын жолаушылармен күресу үшін Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті тексерулер өткізеді. Осылайша, 2021 жылдың басынан бастап Департамент қоғамдық көліктердегі жол ақысын төлеуден бас тартудың 38 556 фактісін анықтады, 1671 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол ақысын төлемейтін жолаушылар саны 123% өсті», делінген хабарламада. 2020 жылы жалпы салынған айыппұлдардың сомасы 16 323 740 теңгені құрады. Елордалық автобустарда билетсіз жүру фактілерінің саны 208 мыңға жуық болған, соның ішінде 2 979 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Елорданың қоғамдық көліктеріндегі орташа жолаушылар ағыны күніне 495 мың адамды құрайды.