Астана бас жоспарының бүгіні мен болашағы
Аталмыш мекеменің құрылғанына өткен жылдың қазан айында жиырма жыл толды. Осы уақытқа дейін институт бас қаланың екі бас жоспарын әзірлеп, оған үш мәрте түзету енгізді.
- Мұның әртүрлі себептері бар. Бастапқы себебі, қала тұрғындарының саны күрт артып кетті. Бірінші бас жоспар 640 мың тұрғынға шақталса, екіншісі 800 мың адамға арналды. Бірақ бұған қарамастан қала қарқынды өсе берді. Сондықтан тұрғындар санына қарай құжатқа түзету енгізіп отырдық. Соңғы түзету «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне байланысты енгізілді. Көрме аумағын, жаңа теміржол вокзалын жобаладық. Ал биыл жаңа бас жоспарды әзірлеуге кірістік. Бұл құжатты он сегіз министрлік, отыз төрт комитет, қаланың барлық басқармалары қарайды. Оның үстіне жобаны биыл Астана күні өткеннен кейін тұрғындардың талқысына шығарамыз. Одан соң қалалық қоғамдық кеңес қарауына ұсынамыз. Соңғы болып жаңа бас жоспарды қалалық мәслихат қарап, бекітуі тиіс. Мемлекеттік сараптамаға өткізген соң, бәрі дұрыс болса, құжат Үкіметтің қаулысымен бекітіледі, - деді Сәрсенбек Жүнісов.
Қазіргі қолданыстағы бас жоспар 80 мың гектарға, 1 млн 200 мың тұрғынға шақталған. Оған жаңа зират пен Ұлттық пантеон, Майбалық көлінің аумағы қосылды. Бас қаланың жаңа басты құжаты 2 млн 140 мың адамға арналады. Мекеме басшының айтуынша, әлемнің барлық астаналарында сол ел халқының 10 пайызы тұрады.
- Мәселен, Ресейде 140 миллион адам тұрса, Мәскеу тұрғындарының саны – 14 миллион. Біз де осы тәжірибені ескеріп отырмыз. Қазір Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады. Біз де астана тұрғындарының саны жуық арада 1 миллион 400 мың болады деп жобалап отырмыз. Ал 2 миллиондық межеге 2050 жылы жетеміз деген жоспар бар. Бастапқыда сыртқы көші-қон болған еді. Енді ішкі миграция қатты жүріп жатыр. Өңірлерден бас қалаға көп адам көшіп келуде. Бұл көшті тоқтату әзірге мүмкін емес, - деді Сәрсенбек Ендібайұлы.
ТҰРҒЫНДАР ҚАЖЕТТІЛІГІ ЕСКЕРІЛГЕН
Бүгінгі бас жоспар 129 секторға бөлінген. Әр сектор 10 мың тұрғынға шақталған. Мектептер, балабақшалар, емханалар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, шағын бақтар, полиция пунктері соған сай жобаланды. Бұл - тұрғындарға ең қажет нысандар. Олар міндетті түрде жоспарланады. Бұған дүкендер сияқты коммерциялық нысандар да кіреді.
«Астана бас жоспары» басшысының айтуынша, Қазақстан халқын сумен қамту – үлкен мәселе. Бұл проблема астанада да бар. Қазір елордаға ауыз су Вячеслав су қоймасынан келіп отыр. Осы қойма Қаныш Сәтбаев атындағы арна арқылы толтырылады. Болашақта Степногорск, Атбасар аумағындағы, Қорғалжын тас жолы бойындағы Нұра су көздері арқылы бас қалаға су тарту жоспарланып отыр.
Қаланың өсуіне байланысты тұрғындарды жылу мен электр энергиясымен қамту да бас жоспарда ескеріліп, нөсер сулары кәріздері, газдандыру жобалары дайындалған. Жаңа 3-ЖЭО толығымен газда жұмыс істейтін болады деп жобаланды.
- Жаңа аумақтарды тиісті желілермен қамту үшін ескі аудандарды сүруді шештік. Сондай жобаның бірі базар аумағында, Шоқан Уәлиханов, Асан қайғы көшелерінде жүзеге асырылып жатыр. Электр энергиясы бұрын әуе арқылы тартылса, енді кабельдер жер астына салынады, - деді С. Жүнісов.
ЖАҢА ӘУЕЖАЙ, ҮЛКЕН САЯБАҚ ПЕН ІРІ МЕШІТ САЛЫНАДЫ
Елордадан Ерейментауға апаратын жолдың бойында, Сарыоба көлінің аумағында жаңа әуежай салу жоспарланып отыр. Оның себебі, қазіргі Назарбаев халықаралық әуежайына осы күннің өзінде артық күш түсіп кеткен.
- Қолданыстағы әуежайда VIP, халықаралық және ішкі желілер, төтенше жағдайлар, әскери мақсаттардағы және тікұшақтарға арналған жолақтар жұмыс істейді. Яғни, функциялары артып кеткен. Норматив бойынша әуежайлар аумағы 1,5 мың гектар болуы керек, - деді «Астана бас жоспары» басшысы.
Нұр-Сұлтан қаласында жалпы ауданы 258 гектар болатын үлкен саябақ салынайын деп жатыр. Нысан Қабанбай батыр, Мәңгілік ел даңғылдары, Хусейн бен Талал көшесі аумағында, 30 мың адамға арналған жаңа мешіт айналасында орналасады. Бұл саябақ жеті дендрологиялық аймаққа бөлінеді. Мұнда алма, шие бақтары, қайыңдар, қарағайлар орманы болады. Яғни, табиғат саябағына айналады. Аталмыш нысан құрылысына Нью-Йорктегі 340 гектарлық саябақтың тәжірибесі алынды. Нысан ішіне қоғамдық көліктер кіретін қаладағы жалғыз саябақ болады. Ол үшін сегіз жылы аялдама орнатылады. Саябақ барлық жыл мезгілдерінде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Онда субұрқақтар, бірегей сәулет пішіндері салынады. Бәрі қазіргі заманға сай келетін және шығыс стилінде болады. Құрылыс бірнеше кезеңге бөлінеді. Саябақ пен мешіт құрылысына Түркияның «Sembol» компаниясы жауапты. Арасында қазақстандық мердігерлер де бар. Бір айта кетерлігі, мешіт бюджет қаржысына салынып жатқан жоқ. Мұның құрылысына Президент іс басқармасы тапсырыс берді. Ал абаттандырумен қала әкімдігіне қарасты мекемелер айналысады.
«Астана бас жоспары» институты Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бас жоспарын әзірлеу конкурсын да ұтып алды. Қазір осы жұмыспен де айналысып жатыр. Болашақта егер Ақтөбе қаласы республикалық шаһар мәртебесін алса, оның бас жоспарын әзірлеуге де үмітті. Институтқа бірнеше шеберхана қарайды. Қызметкерлердің жалпы саны – 196 адам. Жазда олардың саны көбейіп, 250 адамға дейін барады.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
--> МЕЖЕ 2 МЛН 140 МЫҢ АДАМ