Карантин режимін бұзу: елордалық мекемеде түн ортасынан кейін 300-ге жуық адам сауық құрды
Елорданың сол жағалауында орналасқан "Bla Bla Bar" карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау үшін "Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-ге жіберілді. Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған "Zima" барының басшылығы да жауапқа тартылды. Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - "Достар" компьютерлік клубын, "Мэнсон" және "Жаным сол" караоке-клубтарын анықтады. Сарыарқа ауданында "Тамшы" саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін "Қазығұрт" кафесі де, Байқоңыр ауданындағы “Mezzo караоке” залы да жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енді. Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.
-->Елорданың сол жағалауында орналасқан "Bla Bla Bar" карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау үшін "Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-ге жіберілді. Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған "Zima" барының басшылығы да жауапқа тартылды. Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - "Достар" компьютерлік клубын, "Мэнсон" және "Жаным сол" караоке-клубтарын анықтады. Сарыарқа ауданында "Тамшы" саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін "Қазығұрт" кафесі де, Байқоңыр ауданындағы “Mezzo караоке” залы да жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енді. Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.