Елорда жаңалықтары

Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Бүгінгі таңда, Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінім қабылдау жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша өтінімдерді қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылды. «Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының baikonyr.astana.kz ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде қабылданады. Бағдарлама аясында тұрғындар аула алаңдары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша жобаларын ұсына алатынын еске саламыз», деп көрсетілген аудандық әкімдіктің instagram желісіндегі парақшасында.

-->