8 наурызда «Астана Опера» опера және балет театры «Аққу көлі» балетін ұсынады
Барша музыкалық театрлардың сәніне айналған әрі академиялық хореографиялық өнердің жарқын символы болып табылатын балетті зор қуанышпен орындаймыз. Бұл спектакльдің мерекелік афишаның көркін қыздыра түсудегі тағы бір ерекшелігі – адалдық, сонымен қоса сатқындық пен зұлымдық, мәңгілік махаббат сынды түрлі сезімдер жайлы баяндайды, романтикалық көңіл-күй қалыптастырады. Мен басты партиялардың бірі – Зигфрид ханзаданы орындаймын. Жалпы алғанда, ерлер биі екпінді, жігерлі, шебер орындауға бағытталған, ал әйелдер биі туралы айтар болсақ, ол жеңілдік, әуелілік, тұрақсыздықты паш етеді. Қымбатты көрермендерімізге осындай қызықты хикаядан ләззат алуларын тілейміз. Сүйікті нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын және барлығына мықты денсаулық, жақсылық, махаббат тілеймін, көктемнің келуімен жүректеріңіз шаттық пен бақытқа толсын, сіздер бізге әсемдік сыйлайсыздар, осы үшін сіздерге айтар алғысымыз шексіз, - деді «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Рахматуллаев. Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясындағы «Аққу көлі» балеті театр сахнасында 2018 жылдан бері қойылып келеді, ол елорда көрермендерінің ғана емес, 2017 жылы гастрольдік сапар аясында алғаш рет көрсетілген Маскат жұртшылығының да көңілінен орын алды. Бұдан бөлек, «Астана Опера» труппасы аталмыш спектакльмен Италия (Генуя) мен Испанияда (Валенсия) болып, балет сыншыларының жоғары бағасына ие болды. Либреттоның негізіне ертегі фольклорында кеңінен кездесетін зұлым сиқырдың күшімен құсқа айналған қыз туралы сюжет алынған. Зұлым сиқыршының дуасы күндіз әсер етеді, бірақ ай туғанда аққу сұлу Одеттаға айналады. Көлде ол жалғыз емес, айналасында оны аққулар патшайымы деп атайтын аққу-қыздар бар. Дуаны жас жігіттің адал махаббаты ғана жоя алады, бірақ мәңгі махаббат серті бұзылса, онда ол өмір бойына аққу болып қала береді… «Астана Опера» симфониялық оркестріне наурыздың 6 және 8 күндері қоюшы дирижер Арман Оразғалиев, ал 7 наурызда – итальяндық маэстро Джузеппе Акуавива жетекшілік етеді. Одетта-Одиллия партиясын 6 және 8 наурызда театр примасы Әйгерім Бекетаева орындайды, 7 наурызда бұл бейнені жетекші солист Әнел Рүстемова сомдайды. Зигфрид ханзаданың партиясын (6 және 8 наурыз) Еркін Рахматуллаев пен Олжас Тарланов (7 наурыз) дайындауда. Ротбарт – Арман Уразов (6 және 8 наурыз) пен Жәнібек Ахмедиев (7 наурыз). Сайқымазақ рөлінде Ақарыс Бейбарыс өнер көрсетеді. Спектакльдердің басталуы сағат 18:00-де.
-->Барша музыкалық театрлардың сәніне айналған әрі академиялық хореографиялық өнердің жарқын символы болып табылатын балетті зор қуанышпен орындаймыз. Бұл спектакльдің мерекелік афишаның көркін қыздыра түсудегі тағы бір ерекшелігі – адалдық, сонымен қоса сатқындық пен зұлымдық, мәңгілік махаббат сынды түрлі сезімдер жайлы баяндайды, романтикалық көңіл-күй қалыптастырады. Мен басты партиялардың бірі – Зигфрид ханзаданы орындаймын. Жалпы алғанда, ерлер биі екпінді, жігерлі, шебер орындауға бағытталған, ал әйелдер биі туралы айтар болсақ, ол жеңілдік, әуелілік, тұрақсыздықты паш етеді. Қымбатты көрермендерімізге осындай қызықты хикаядан ләззат алуларын тілейміз. Сүйікті нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын және барлығына мықты денсаулық, жақсылық, махаббат тілеймін, көктемнің келуімен жүректеріңіз шаттық пен бақытқа толсын, сіздер бізге әсемдік сыйлайсыздар, осы үшін сіздерге айтар алғысымыз шексіз, - деді «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Рахматуллаев. Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясындағы «Аққу көлі» балеті театр сахнасында 2018 жылдан бері қойылып келеді, ол елорда көрермендерінің ғана емес, 2017 жылы гастрольдік сапар аясында алғаш рет көрсетілген Маскат жұртшылығының да көңілінен орын алды. Бұдан бөлек, «Астана Опера» труппасы аталмыш спектакльмен Италия (Генуя) мен Испанияда (Валенсия) болып, балет сыншыларының жоғары бағасына ие болды. Либреттоның негізіне ертегі фольклорында кеңінен кездесетін зұлым сиқырдың күшімен құсқа айналған қыз туралы сюжет алынған. Зұлым сиқыршының дуасы күндіз әсер етеді, бірақ ай туғанда аққу сұлу Одеттаға айналады. Көлде ол жалғыз емес, айналасында оны аққулар патшайымы деп атайтын аққу-қыздар бар. Дуаны жас жігіттің адал махаббаты ғана жоя алады, бірақ мәңгі махаббат серті бұзылса, онда ол өмір бойына аққу болып қала береді… «Астана Опера» симфониялық оркестріне наурыздың 6 және 8 күндері қоюшы дирижер Арман Оразғалиев, ал 7 наурызда – итальяндық маэстро Джузеппе Акуавива жетекшілік етеді. Одетта-Одиллия партиясын 6 және 8 наурызда театр примасы Әйгерім Бекетаева орындайды, 7 наурызда бұл бейнені жетекші солист Әнел Рүстемова сомдайды. Зигфрид ханзаданың партиясын (6 және 8 наурыз) Еркін Рахматуллаев пен Олжас Тарланов (7 наурыз) дайындауда. Ротбарт – Арман Уразов (6 және 8 наурыз) пен Жәнібек Ахмедиев (7 наурыз). Сайқымазақ рөлінде Ақарыс Бейбарыс өнер көрсетеді. Спектакльдердің басталуы сағат 18:00-де.