Елорда жаңалықтары

Елордада туберкулезбен ауруы бес есе азайды

Оның айтуынша, 2010 жылы туберкулездің 765 жаңадан анықталған жағдайы тіркелсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 393 жағдайға дейін төмендеді. «Туберкулезге қарсы қызметтің жетістіктері қаладағы медициналық ұйымдардың да, қаланың көптеген бөлімдері мен құрылымдарының жүйелі қызметімен байланысты», - деп толықтырды Әлия Рүстемова. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ведомстволық бағынысты ұйымдарында қала тұрғындарын профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу үшін 16 стационарлық және 4 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар. «Амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау туралы бөлек айту керек. Бұған дейін көмек азық-түлік пакеттері мен жол карталарын бөлу түрінде болса, 2019 жылдың екінші жартысынан бастап - 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі», - деп мәлімдеді Басқарма өкілі.

-->