Елорда жаңалықтары

Елордалық оқушылар халықаралық байқауда жақсы нәтиже көрсетті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында ZOOM платформасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Халықаралық конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам бала қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының атынан бұл конкурста 17 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде елордалық оқушылар жақсы нәтиже көрсетті: ІІІ орын, қола медаль – Дана Шортан, Дана Жүнісова (БИЛ қыздар) және Олеся Озернова, №32 мектеп-гимназиясы; ІІ орын, күміс медаль – Исмайыл Қуандықов (№54 мектеп-лицейі), Абай Садыков, (№37 мектеп-лицейі). Конкурстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және медальдармен марапатталады.

-->