Елорда жаңалықтары

Алғыс айту күні «Астана Опера» елордалық дәрігерлерге арнап спектакль ұсынады

- Наурыздың бірінші жұлдызында Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Мереке 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарияланған. Бұл күні «Астана Опера» ұжымы осынау күрделі кезеңде еңбегімен ерлік жасап жүрген дәрігерлерге алғысын білдіріп, құрмет көрсетеді. Елорданың медициналық мекемелерінің қызметкерлерін күнделікті күйбең істен тынығып, «Евгений Онегин» әлемдік классика жауһарының қойылымын тамашалау арқылы асқақ өнерге бір табан жақындай түсуге шақырдық. Театрымыздың ұжымы атынан барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, осындай жарқын мерекеде отандастарымызға, ең алдымен, денсаулық, амандық, толағай табыстар мен бақыт тілегім келеді. Адамдардың бір-біріне қол ұшын созуы, қолдау көрсетуі мен қайырымдылығы, мейірімділігі мен жомарттығы сияқты адамзатқа ортақ асыл құндылықтар барлық қазақстандықтардың көңіліне жарқын болашаққа нық сеніммен қарауға сенім ұялатады, - деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. Естеріңізге салар болсақ, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» спектаклінің премьерасы елордалық театр сахнасында 2019 жылғы 8, 9 ақпан күндері өткен еді. Операға «Астана Опера» солистері, оркестрі, хоры, балеті, мимансы және балалар студиясы қатысады. Қоюшы дирижер – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы хореограф – Елена Шерстнева. «Евгений Онегин» операсы – әлемдегі ең репертуарлық қойылымдардың бірі. «Астана Опера» сахнасында ол қоюшы режиссер Давиде Ливермордың бірегей тұжырымдамасымен ұсынылды. Оқиға Евгений Онегинмен байланысты жастық шақ кездерін, өз махаббатын қайта басынан өткерген егде жастағы Татьянаның естеліктері арқылы берілген. Сондай-ақ қойылымның ауқымдылығы таңғалдыратын сценографиялық әсерлерден де аңғарылады: хикая кейіпкерлері қас пен көздің арасында сахна астына жасырынып, сахна сыртынан орындықтарда немесе автоматты платформада сахнаның түпкірінен пайда болады, ал 3D-проекциялар қалықтаған бұлттарды, тербелген ағаштың ұшар бастарын, кейіпкерлер бейнелерінің қосарлануын көрсетеді. Костюмдер бойынша суретшілер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов шаруалардың түрлі-түсті костюмдерін, петербор балы мен Лариндер үйіндегі мереке қонақтарының сол дәуір стилін тамаша жеткізген салтанатты сәнді костюмдерін жасады.

-->