Елорда полицейлері пәтер аралап тексеріс жүргізіп жатыр
Сәденов елордалықтарға үндеуінде қалада жағдай тұрақты екенін айтты.
Полиция департаментінің басшысы Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат әлі де жалғасып жатқанын еске салды.
-->Сәденов елордалықтарға үндеуінде қалада жағдай тұрақты екенін айтты.
"Қала толық бақылауда. Блокбекеттер жұмыс істеп тұр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтау мақсатында арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде аулалар мен пәтерлерді аралау жүріп жатыр. Тұрғындарды түсінікпен қарап, қолғабыс етуге шақырамыз. Күдікті адамдар туралы ақпарат білсеңіз, хабарлаңыз", - деді ол.
Полиция департаментінің басшысы Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат әлі де жалғасып жатқанын еске салды.