Елордада «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды
"Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Тәуелсіздік құрдастары жыл бойы жетім балаларға тәлімгерлік жасаумен, мүмкіндігі шектеулі балаларға тренингтер мен танымдық экскурсия ұйымдастыру сияқты қайырымдылық істермен айналысады. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету және азық-түлік себеттерін тарату шарасы жоспарланған. «Бүгін тәуелсіздік құрдастары атынан бірінші шараны бастап жатырмыз. Өз атымыздан 30 шақты аз қамтылған отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деген ниеттеміз. Алда бұл бастаманы ары қарай дамыту ойымызда бар. Өзім өнер саласында жұмыс жасағандықтан жағдайы төмен отбасыларындағы балаларды өнерге баулуға тырысамын», - деді Ержан Сансызбаев. Оның айтуынша «Тәуелсіздік құрдастары» деген қоғамдық қор құрылады. Қордың басты мақсаты- қайырымдылықпен айналысып, жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек қолын созу. Аталған қайырымдылық жобаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, елорданың белсенді жастарының бірі Алтыншаш Мұқатаева да қатысады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздіктің құрдасы ретінде «30 игі іс» қайырымдылық жобасын қолға алдық. Біз шамамыз жеткенше көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға сыйлықтарымызды ұсынбақпыз. Бұл шараны тек елорда жастары бастап отырмыз. Ендігі мақсатымыз тәуелсіздіктің құрдасы саналатын еліміздің өзге өңіріндегі жастарға эстафета ретінде жолдау. Тәуелсіздік мерекесі тойланып қана қоймай, қайырымды істерге, үлкен жобаларға айналса деген үмітіміз бар», - деді ол.
Алтын Садық
-->"Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Тәуелсіздік құрдастары жыл бойы жетім балаларға тәлімгерлік жасаумен, мүмкіндігі шектеулі балаларға тренингтер мен танымдық экскурсия ұйымдастыру сияқты қайырымдылық істермен айналысады. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету және азық-түлік себеттерін тарату шарасы жоспарланған. «Бүгін тәуелсіздік құрдастары атынан бірінші шараны бастап жатырмыз. Өз атымыздан 30 шақты аз қамтылған отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деген ниеттеміз. Алда бұл бастаманы ары қарай дамыту ойымызда бар. Өзім өнер саласында жұмыс жасағандықтан жағдайы төмен отбасыларындағы балаларды өнерге баулуға тырысамын», - деді Ержан Сансызбаев. Оның айтуынша «Тәуелсіздік құрдастары» деген қоғамдық қор құрылады. Қордың басты мақсаты- қайырымдылықпен айналысып, жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек қолын созу. Аталған қайырымдылық жобаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, елорданың белсенді жастарының бірі Алтыншаш Мұқатаева да қатысады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздіктің құрдасы ретінде «30 игі іс» қайырымдылық жобасын қолға алдық. Біз шамамыз жеткенше көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға сыйлықтарымызды ұсынбақпыз. Бұл шараны тек елорда жастары бастап отырмыз. Ендігі мақсатымыз тәуелсіздіктің құрдасы саналатын еліміздің өзге өңіріндегі жастарға эстафета ретінде жолдау. Тәуелсіздік мерекесі тойланып қана қоймай, қайырымды істерге, үлкен жобаларға айналса деген үмітіміз бар», - деді ол.
Алтын Садық