Елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады
[caption id="attachment_66726" align="alignnone" width="853"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
№1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен өткен жылдың күзінде "Қамқорлық" оңалту орталығы ашылды. Бұл ДЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.
"Қала аудандарында "үй жанындағы дәрігер" атты 29 нысан ашылды. Ипподром базасында балалар иппотерапиямен айналыса алатын жабық манеждің құрылысын жүргізіп жатырмыз. "Жастар" сарайында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді бассейн болады. Инватакси саны 2 есеге артады. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында "қадамдық қолжетімділік" қағидатына сай балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үйдің жанындағы дәрігер және т.б. нысандар ашамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың саны өсіп келе жатқанын, оларға жан-жақты кешенді оңалту қажет екенін, "алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтердің жұмысын күшейту қажет" екенін атап өтті. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз", - дейді елорда әкімі.