Елорда жаңалықтары

Ерлан Каналимов: 140-тан астам аула мен  саябақ абаттандырылды

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жыл бойы елордада қаланы көркейту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп, 140-тан астам аула, саябақтар, скверлер, бульварлар және аллеялар абаттандырылды. Мектептерді, ауруханаларды, жатақханаларды салу мерзімдері, жолдар, көгалдандыру және абаттандыру, жолдардағы қауіпсіздік, газдандыру және тұрғын үй алаптарының қалай дамитыны туралы Астана әкімі әлеуметтік-экономикалық даму бойынша есеп беріп, мәслихат депутаттарының сұрақтарына жауап берді. Жеңіс Қасымбек қалалық жобалардың жүзеге асуын бақылауда депутаттық корпустың маңызды рөлін тағы да атап өтіп, ешбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді», - деді Е.Каналимов.

Ол, сондай-ақ, қала әкіміне сұрақ қойып, қалада енгізілуі тиіс бірқатар идеяларды ұсынғанын айтты.

«Бұл арнайы және қоғамдық көліктерді бақылау жүйесіне қатысты, жол-көлік оқиғалары мен жанармай ұрлықтарын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімдік жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, сессияда депутаттарға АЭС құрылысы бойынша референдумды ұйымдастыру және өткізу үшін белсенді қызметтері үшін алғыс хаттарды табыстадым», - деп жазды ол.