Жаңа жылда 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарды
Қоңырауларды 13 диспетчер қабылдаған және қызметкерлер арасынан 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. 1 қаңтарға қараған түні барлығы 125 жедел медициналық көмек бригадасы азаматтардың шақыртуларына қызмет көрсеткен, оның ішінде МСАК ұйымдарының бригадалары да бар.
Жаңа жыл түнінде қызмет еткен фельдшер Алмат Азатжанов ауысымның жұмысын сипаттап өтті.
Барлық қалалық ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Ол үшін қосымша палаталар мен төсек-орындарды ұйымдастыру қарастырылған.
Осылайша, елордалық клиникалардың екі жүзге жуық медицина қызметкері жаңа жыл түнінде кезекшілік етті. Құрамында барлық кәсіби мамандар: травматологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, реаниматологтар және басқалары медициналық қызмет көрсетті.
-->Қоңырауларды 13 диспетчер қабылдаған және қызметкерлер арасынан 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. 1 қаңтарға қараған түні барлығы 125 жедел медициналық көмек бригадасы азаматтардың шақыртуларына қызмет көрсеткен, оның ішінде МСАК ұйымдарының бригадалары да бар.
Жаңа жыл түнінде қызмет еткен фельдшер Алмат Азатжанов ауысымның жұмысын сипаттап өтті.
Ауысым ішінде бригадамен шақыртуға бес рет шықтық. Кез келген жағдайда қабылдау бөлмелеріне немесе жарақат пунктіне жедел жеткіземіз. Ол жерде де дәрігерлер әрдайым көмек көрсетуге дайын. Жалпы, ауысым тез өтеді. Маған жұмысым ұнайды, сондықтан отбасыммен бірге болмағаныма қатты өкінбеймін. Әлі де уақыт болады, - дейді фельдшер.