Елордада демалыс күндері қайда серуендеуге болады
Қалада жаңажылдық көңіл-күйді сезініп, белсенді демалыс үшін қайда баруға болады?
Қала тұрғындары арасында танымал – ашық алаңдарда мұз төбешіктері орнатылды, мұз айдындары жасалды, мұнда әркім тюбингтер мен конькилерді жалға ала алады, сол сияқты өзімен бірге алып келіп, көңіл көтере алады. Мұнда ыстық шай немесе кофе ішіп, жылынуға болады.
Дәстүр бойынша биыл еліміздің басты жаңажылдық шыршасы ЭКСПО аумағында «Нұр Әлем» павильонының жанында орнатылды.
Айта кету керек, тек Есіл ауданының өзінде 4 жаңажылдық шырша орнатылды: ЭКСПО аумағында, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда, Достық көшесіндегі «Керуен» СОО жанында, сол сияқты Ұлы Дала және Ақмешіт көшелерінің қиылысында.
Шыршалар өзге орындарда демеушілер есебінен де орнатылды. Ауданда қысқы демалысты өткізетін 10 орын бар. Олардың ішінде:
- Орталық саябақ;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің жанындағы Тұңғыш Президент саябағы;
- ЭКСПО алаңы;
- Хан Шатыр СОО;
- Керуен СОО;
- Жағалау шағын ауданы;
- Жасыл квартал;
- Үркер елді мекені;
- Пригородный елді мекені;
- Ботаникалық бақ.
Байқоңыр ауданының аумағында биыл 5 мұз қалашығы ашылды, онда жаңажылдық шыршалар, сырғанақтар, шағын сәулет нысандары орнатылды.
Осылайша, «Жастар» сарайының аумағында ауданы 400 шаршы метрге жуық мұз айдыны, жасөспірімдер үшін биіктігі 6 метр болатын төбешік орнатылды. Қалада биіктігі 15 метр болатын жаңажылдық шырша қойылды, оның жанында Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ олардың үйі бар. Сол сияқты, субұрқақтар да жаңажылдық күйге безендірілді. Аумағында конькилер мен тюбингтерді жалға беру пунктері, сондай-ақ фудкорт жұмыс істейді.
Ж.Тәшенев көшесіндегі Ататүрік атындағы саябақта 2 төбешік орнатылды. Саябақта биіктігі 18 метр болатын жаңажылдық шырша, Ақшақар, Аяз ата мен Ақшақардың бейнелері бар мүсіндер және т.б. орнатылған.
Сондай-ақ, Абай даңғылындағы «Жазушылар» гүлзарында, Өндіріс, Кирпичный, Қазқалашық елді мекендеріндн шыршалар мен жаңажылдық кейіпкерлердің пішіндері орнатылды.
Бұдан бөлек қала тұрғындары №5 гимназия, №27, 34, 8, 87 орта мектебінде және Кемеңгерұлы, 8 және Жұбанов, 3 мекенжайларындағы аулада орналасқан 7 мұз айдынында көңіл көтере алады.
Алматы ауданында "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда, Президенттік саябақтың Байтұрсынұлы көшесі жағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Триатлон паркте, Сарайшық шағын ауданында, Қошқарбав көшесі, 80 тұрғын үйінің аумағында, Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар елді мекендерінде орналасқан тұрғын үйлер ауданында таза ауада белсенді қысқы демалысты өткізуге және мұз төбешігінен сырғанауға болады.
Сарыарқа ауданында да белсенді демалыс өткізуге болады, мысалы, Есіл өзенінің жағасында Кенесары хан ескерткішінен "Серуен" көпіріне дейінгі 2 орында 5 төбешік, Бейбітшілік көшесі, 11, 189-көшедегі Көктал саябағында, сондай-ақ Қосшығұлұлы мен Бейсекова көшелерінің қиылысында тағы бес төбешік орнатылды. Жақын арада Оқжетпес пен А.Герцен көшелерінің қиылысында төбешік, ал "Демалыс променад" аумағында мұз айдыны ашылады.
Бұл орындар сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Осындай құрылымдар мен құрылыстар елорданың барлық ауданында орнатылған. Қаланы сондай-ақ жаңа жылдың басталғаны туралы хабарлайтын сыйлық, сағат түріндегі кішігірім архитектуралық пішіндер, гирляндалар және т.б. безендіріп тұр. Түнгі уақытта шамдар жанған кезде жаңажылдық безендіру қалаға ерекше ертегі көрінісін береді.
-->Қалада жаңажылдық көңіл-күйді сезініп, белсенді демалыс үшін қайда баруға болады?