Көлгінов пен Тұрғымбаев елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тексерді
Министр мен елорда әкімі қала полициясының бірқатар нысандарын аралап, Мемлекет басшысының халықпен құқықбұзушылықтың алдын алуда тығыз ынтымақтастық орнатуға және азаматтардың полицияға қолжетімділігін барынша жеңілдетуге бағытталған полиция жұмысының сервистік моделін және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.
Биыл 10 учаскелік пункт пен азаматтардың сұрауларына полицияның уақтылы және сапалы әрекет етуін қамтамасыз ететін 10 модульдік полиция бекеті іске қосылды.
Жыл сайын елордалық полицияның материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Қолданыста құқықтық тәртіпті қорғауға және қылмысқа қарсы күреске арналған қазіргі заманғы техника мен қызметтік автокөлік бар.
Биыл әкімдіктің қолдауымен Полиция департаментіне 42 автокөлік және 57 компьютерлік техника сатып алынды. Мұның барлығы азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, ішкі істер органдарының ашықтығы мен қолжетімділігі үшін жасалуда. Бұл елорда тұрғындары мен полицейлер арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға және аса ауыр қылмыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қала көшелерінде арнайы құрылғылар орнатылады, олар заңға қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде дабыл сигналын беруге және полицияға шұғыл қоңырау шалуға арналған. Қазіргі уақытта азаматтар көп жиналатын жерлерде азаматтардың полицияға қашықтан жүгінуі үшін 13 “дабыл батырмалары” орнатылған.
Құрылғылар іске қосылғаннан бері 700-ге жуық сигнал келіп түскен. Негізінен адамдар кеңес алуға, құжаттар жоғалған кезде, хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздеуге, телефон ұрлығы, пәтер ұрлығы, дене жарақатын салу және басқа да жағдайларда жүгінген.
-->Министр мен елорда әкімі қала полициясының бірқатар нысандарын аралап, Мемлекет басшысының халықпен құқықбұзушылықтың алдын алуда тығыз ынтымақтастық орнатуға және азаматтардың полицияға қолжетімділігін барынша жеңілдетуге бағытталған полиция жұмысының сервистік моделін және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.
Биыл 10 учаскелік пункт пен азаматтардың сұрауларына полицияның уақтылы және сапалы әрекет етуін қамтамасыз ететін 10 модульдік полиция бекеті іске қосылды.
Жыл сайын елордалық полицияның материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Қолданыста құқықтық тәртіпті қорғауға және қылмысқа қарсы күреске арналған қазіргі заманғы техника мен қызметтік автокөлік бар.
Биыл әкімдіктің қолдауымен Полиция департаментіне 42 автокөлік және 57 компьютерлік техника сатып алынды. Мұның барлығы азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, ішкі істер органдарының ашықтығы мен қолжетімділігі үшін жасалуда. Бұл елорда тұрғындары мен полицейлер арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға және аса ауыр қылмыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қала көшелерінде арнайы құрылғылар орнатылады, олар заңға қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде дабыл сигналын беруге және полицияға шұғыл қоңырау шалуға арналған. Қазіргі уақытта азаматтар көп жиналатын жерлерде азаматтардың полицияға қашықтан жүгінуі үшін 13 “дабыл батырмалары” орнатылған.
Құрылғылар іске қосылғаннан бері 700-ге жуық сигнал келіп түскен. Негізінен адамдар кеңес алуға, құжаттар жоғалған кезде, хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздеуге, телефон ұрлығы, пәтер ұрлығы, дене жарақатын салу және басқа да жағдайларда жүгінген.
Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан біз учаскелік инспектордың – полицияның ұлттық сервистік моделінің басты фигурасының тиімді жұмыс істеуі, “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын қамтамасыз ету және қажет болған жерде тәртіп сақшыларының тұрақты түрде болуы үшін барлық жағдайды жасауды жалғастырамыз, – деп атап өтті ІІМ басшысы.