Елорда жаңалықтары

Скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы: тұрғындар ауласында нені көргісі келетінін өздері таңдайды

«Скейт-алаң, стритболға арналған орын, тыныш демалыс аймағы, ойын кешені. Осының барлығын Иманов көшесі, 10/1 және Ғабдуллин көшесі, 11 үйлердің ауласына орнату ұсынылған. Аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімін Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы аудан тұрғындарымен өткізілген 5 кездесуден кейін әзірледі. Естеріңізге сала кетейік, бірлескен жұмыстың мәні – тұрғындардың өздері аулада нені көргісі келетінін таңдайды. Алынған тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады. Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады. Жобаны ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді. Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде», – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.

-->