Елорда жаңалықтары

Елордалық каратэшілер ел кубогін жеңіп алды

Екінші орынды Батыс Қазақстан облысы иеленсе, үздік үштікті Атырау облысы қорытындылады. Жарыста еліміздің он екі өңірінен, яғни Алматы, Ақмола, Жамбыл,Қызылорда, ШҚО, БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстарынан, сол сияқты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 372 спортшы бақ сынады. Сондай-ақ жарысқа Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев пен ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев қатысып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттады. Үш күнге созылған дода санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды. Киокушинкай-кан каратэден Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының аға жаттықтырушысы Дастан Абжанов карантин спортшылардың жаттығуына әсерін тигізбей қоймағанын айтты. «Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Санитарлық нормалар қатаң түрде сақталды. Қатысушылар әр уақытқа бөлініп, жеке-жеке шығарылды. Шыны керек спортшыларға біраз қиындау болды. Карантиннен кейінгі алғашқы жарыс болғандықтан, дайындықтың жеткілікті болмағаны байқалды. Бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болатын еді, дегенмен бұл көрсеткіш те жаман емес», - деді Дастан Дүйсенбайұлы. Нұр-Сұлтан қаласы спортшыларының жарыс қорытындысы: Бибатыр Қырғи – 1 орын (12-13 жас, 35 келіге дейін); Ерслан Орынбасаров – 1 орын (14-15 жас, 45 келіге дейін); Айдын Серік – 1 орын (14-15 жас, 60 келіге дейін); Динара Талғатбек – 1 орын (14-15 жас, 50 келіге дейін); Ұлжан Ракишева – 1 орын (14-15 жас, 50 келіден жоғары). Ересектер арасында : Амир Сабыров – 1 орын (60 келіге дейін); Темірлан Жәнібек– 1 орын (65 келіге дейін); Алишер Карменов – 1 орын (70 келіге дейін); Нұрлыхан Садвакасов – 1 орын (80 келіге дейін); Саулетхан Тузелхан – 2 орын (14-15 жас, 55 келіге дейін); Адильхан Ақылжан – 2 орын (16-17 жас, 55 келіге дейін); Айбек Аманов – 2 орын (16-17 жас, 70 келіге дейін); Амина Утегенова– 2 орын (16-17 жас, 60 келіге дейін). Ересектер арасында : Сералы Абилқасым– 2 орын (65 келіге дейін); Мадина Сауытова– 2 орын (50 келіге дейін); Аина Болат– 2 орын (60 келіге дейін); Арман Алибаев– 3 орын (12-13 жас, 35 келіге дейін); Асанали Шоканов– 3 орын (12-13 жас, 40 келіге дейін); Камила Бекбулатова– 3 орын (12-13 жас, 45 келіге дейін); Назлы Болатбек– 3 орын (12-13 жас, 45 келіден жоғары); Ғалымжан Абдыкадыров – 3 орын (14-15 жас, 50 келіге дейін); Мадина Самил– 3 орын (14-15 жас, 50 келіге дейін); Назира Ахметова – 3 орын (16-17 жас, 55 келіге дейін); Александра Беженарь – 3 орын (16-17 жас, 60 келіге дейін). Ересектер арасында : Рахат Жангабылов – 3 орын (60 келіге дейін); Темирлан Нағашыбаев – 3 орын (80 келіге дейін); Гульназ Галымжанова– 3 орын (50 келіге дейін); Амина Досымбек– 3 орын (60 келіге дейін).

-->