Астанадағы ауыл шаруашылық министрлігінің ғимараты Ресей университетіне берілді
Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 20 жылдық мерейтойында мәлімдеді.
-->Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 20 жылдық мерейтойында мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел үкіметі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына жалпы ауданы 13 мың шаршы метр болатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15 қабатты кеңсесін беру туралы шешім қабылдады. Бұл бізге ресейлік әріптестермен бірге басымдыққа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондықтан алдағы жаңа жылда сізді жағымды істер күтіп тұр», - деді мемлекеттік хатшы.