Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қоршауды бұзып өтті (ВИДЕО)

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

-->

23 желтоқсан күні сағат 14:34 шамасында 33 жастағы жолаушылар автобусының жүргізушісі Серкебаев көшесі жағынан Бейсекова көшесіне қарай Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, көктайғақ салдарынан көліктің руліне ие бола алмай, металл қоршауды бұзып өтті. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.