Елорда жаңалықтары

Елордада 24-аула клубы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ мен «Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырып ашқан бұл орталық Қабанбай батыр даңғылында (5/1) орналасқан. Клубта каратэ, жүзу сияқты спорт секциялары; сурет салу, би, балшық терапиясы сынды шығармашылық үйірмелері бар. Мектепке дайындық курстары, сондай-ақ массаж терапиясы сауықтыру бөлмелері де бар. - Жастар саясатының басты бағыттарының бірі - өскелең ұрпақтарды салауатты өмір салтын ұстанып, еліне еселі еңбек ететін дені сау азамат болып өсуіне себін тигізетін әртүрлі мүмкіндіктерді жасау. Сондай-ақ балалардың бос уақытын ұтымды пайдалануына, аз қамтылған отбасылардағы балалардың өзі қызығатын спорт немесе өнер түрлерімен айналсуына қолайлы орта әзірлеу де назарымыздан тыс қалып көрген емес. Бүгін міне осы мақсат аясында елордадағы 24-аула клубын ашып отырмыз. Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ақысыз қызмет көрсетеді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мұндай аула клубтары қаламызда әлі көптеп ашылады, - деді клубтың ашылуына қатысқан қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Телманұлы. Айта кетейік, аталған орталыққа дені сау балалардың да келіп, жаттығумен айналысуына, өнер үйренуіне де мүмкіндік бар. «Астаналық балаларға біздің орталығымыздың есігі қашанда ашық. Балаларды өнерге тәрбиелеп, жаттықтыру арқылы денсаулығын күшейтуге орталығымызда барлық мүмкіндіктер жасалған», - деді аталған орталықтың құрылтайшысы Жанат Айдарбекқызы.

Қалиабар ҮСЕМХАНҰЛЫ

-->