«102» мобильді қосымшасының көмегімен елорда тұрғынына жоғалған ақшасы қайтарылды
Азаматтардан хабарлама қабылдаудың жаңа процесі іске қосылғаннан бастап полицияға 36 шағым түскен. Қала тұрғындары құқықбұзушылықтар туралы ақпараттар жібереді. Олардың арасында қоғамдық орындарда қоқыс тастау, көлікті қою, жол қозғалысы қағидасын бұзу, сондай-ақ, ұрлау және тонау қылмыстары да бар. Жедел басқару орталығы арнасына 102 мобильді қосымшасы арқылы қала тұрғынынан 70 мың теңге ақша тауып алғаны туралы аудиоқоңырау түскен. Әйел адам қаражатты Есенберлин мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында тауып алған және полицияның келуін күткен. Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен көшеде бірдеңе іздеп жүрген бойжеткенді байқаған. Қыздың сол жерге жақын орналасқан дүкенде жұмыс істейтіні және дәріханаға дәрі алу үшін шыққаны, жолда ақшасын қалтасына саламын деп түсіріп алғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, табылған зат туралы хабарлаған елорда тұрғынына алғысын білдіреді. Департамент бастығының атынан әйел адамға алғыс хат пен гүлдер табысталды. Ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың жаңа процесі іске аса бастады. 102 мобильді қосымшасы арқылы әрбір елорда тұрғыны жасалған құқықбұзушылықтар мен қылмыстар туралы ақпаратты оқиға орнынан полицияға дереу жібере алады. Жүйе арқылы арыз беруге, аудио немесе бейне-қоңырау арқылы оператормен байланысуға, бұған қоса қоңырау соққан адамның тұрған жерін автоматты түрде анықтауға болады. Оператор болып жатқан жағдайды көріп, шұғыл әрекет шара қолдана алады. Жүйе азаматтарды Telegram мен Facebook-тегі чат-боттар арқылы, сондай-ақ электрондық пошта арқылы жаппай хабардар ету модулін ұсынады. Ол үшін 102 қосымшасын Android телефондарына арналған Play Store мен IOS телефондарына арналған App Store дүкенінен тегін жүктеп алуыңыз керек.
-->Азаматтардан хабарлама қабылдаудың жаңа процесі іске қосылғаннан бастап полицияға 36 шағым түскен. Қала тұрғындары құқықбұзушылықтар туралы ақпараттар жібереді. Олардың арасында қоғамдық орындарда қоқыс тастау, көлікті қою, жол қозғалысы қағидасын бұзу, сондай-ақ, ұрлау және тонау қылмыстары да бар. Жедел басқару орталығы арнасына 102 мобильді қосымшасы арқылы қала тұрғынынан 70 мың теңге ақша тауып алғаны туралы аудиоқоңырау түскен. Әйел адам қаражатты Есенберлин мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында тауып алған және полицияның келуін күткен. Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен көшеде бірдеңе іздеп жүрген бойжеткенді байқаған. Қыздың сол жерге жақын орналасқан дүкенде жұмыс істейтіні және дәріханаға дәрі алу үшін шыққаны, жолда ақшасын қалтасына саламын деп түсіріп алғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, табылған зат туралы хабарлаған елорда тұрғынына алғысын білдіреді. Департамент бастығының атынан әйел адамға алғыс хат пен гүлдер табысталды. Ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың жаңа процесі іске аса бастады. 102 мобильді қосымшасы арқылы әрбір елорда тұрғыны жасалған құқықбұзушылықтар мен қылмыстар туралы ақпаратты оқиға орнынан полицияға дереу жібере алады. Жүйе арқылы арыз беруге, аудио немесе бейне-қоңырау арқылы оператормен байланысуға, бұған қоса қоңырау соққан адамның тұрған жерін автоматты түрде анықтауға болады. Оператор болып жатқан жағдайды көріп, шұғыл әрекет шара қолдана алады. Жүйе азаматтарды Telegram мен Facebook-тегі чат-боттар арқылы, сондай-ақ электрондық пошта арқылы жаппай хабардар ету модулін ұсынады. Ол үшін 102 қосымшасын Android телефондарына арналған Play Store мен IOS телефондарына арналған App Store дүкенінен тегін жүктеп алуыңыз керек.