Биыл елордада 50 көшеге атау берілді
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, бұл атауларды беру мәселесі алдымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Ономастикалық комиссияда қаралады. Оның құрамына тарихшы ғалымдар, профессорлар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, мемлекеттік құрылым басшылары, Парламент депутаттарынан құралған 20 шақты адам кіреді.
Райхан РАХМЕТОВА
-->Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, бұл атауларды беру мәселесі алдымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Ономастикалық комиссияда қаралады. Оның құрамына тарихшы ғалымдар, профессорлар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, мемлекеттік құрылым басшылары, Парламент депутаттарынан құралған 20 шақты адам кіреді.
Осы құрам бізге келіп түскен ұсыныстарды қарайды. Тарихи тұлғаның еңбегін саралаймыз, қалаға есімін беруге лайық не лайық емес екендігі тексеріледі, себебі кейбіреулер өз атасын ұсына салуы да мүмкін. Ондай жағдай өте көп, елорданың деңгейінде беруге бола ма, болмай ма, анықтамай жатып «менің атам керемет» деп ұсынады. Соның барлығы сарапталып, ұсыныс қолдау тапқан жағдайда оны мәслихатқа жібереміз. Мәслихатта депутаттар, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері кіретін қоғамдық тыңдау болады. Одан шыққаннан кейін қоғамдық кеңесте қаралады. Сонда қолдау тапқандарды республикалық ономастикалық комиссияға жібереміз. Мұндағы ғалымдар қолдаған жағдайда мәслихат шешім, әкімдік қаулы шығарып, есім беруді заңдастырамыз, – дейді басқарма басшысы.
Райхан РАХМЕТОВА