Елорда жаңалықтары

Елордада мәдени ортаны қалыптас­тыруға арналған дөңгелек үстел өтті

Жобаның мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту және астананы мәдени дамыту арқылы елорданың мәдени кодының моделін қалыптастыру, елорданың мәдени және киелі орындарын, халықтың мәдени тіршілігін зерттеу, астананың әлеуметтанушыларын, мәдениеттанушыларын, саясаттанушылары мен мәдени қоғамдастықтарының мамандарын тарта отырып, мәдени код моделін талқылау.

Дөңгелек үстел аясында қаланың мәдени кодын қалыптастыру және елорданы одан әрі мәдени дамыту, қала тұрғынының бейнесін, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан – жайлы қала», «Нұр-Сұлтан – саламатты қала», «Нұр-Сұлтан – бейбітшілік қаласы» бейнелерін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Даурен Бабамұратов және республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.

Көктем Қарқын

-->

«Елордамыздағы «Достық» үйінде әсерлі іс-шаралар жүйелі түрде өтіп тұрады. Бүгін сондай шаралардың бірі өтті. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: Елорда – мәдениет пен өнердің ордасы» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде Нұр-Сұлтан қаласының мәдени кодын қалыптастыру, елорданың мәдени деңгейін көтеру, қала тұрғындарының эстетикалық тәрбиесі туралы мәселелер қозғалды. Тарих мәселелері айтылды. Бүгінгі таңда елордамызда мәдени орта қалыптас­тыру, елордалықтардың қалаға деген құрметін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Бүгінгі мәдени мекемелердің мүмкіндігін пайдалану мәселелері қозғалды. Сонымен бірге, кейінгі кезде қалада алаңдатарлық оқиғалардың орын алып отырғаны. Мысалы, жедел сатыларда, үйдің кіреберістеріндегі жағымсыз жағдайлар, кейбір жастардың өзін көрсету үшін оғаш қылықтарға баруы, оларды әлеуметтік желі арқылы батырсынып таратуы сынды жағдайлар бізді алаңдатып отыр. Бұлардың барлығы – елорда жастары мен тұрғындарына жараспайтын мінездер. Біз осы іс-әрекетке қалай жауап беруіміз керек? Отырыста осы мәселелер талқыланды, алдағы уақытта нәтижелерін береді деп сенеміз» – деді Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.

Көктем Қарқын