Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Сондай-ақ қала басшысы Елбасы ұсынған "жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының жалғасатынын атап өтті. "Екінші – әлеуметтік нысандар құрылысы. Өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынды. Биыл оқушы орындарының саны 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Ірі мектептердің құрылысына көшеміз. Сондай-ақ, құрылысқа жеке инвестициялар тартамыз. Бұдан басқа, реаблитациялық орталықтар желісін, "үй маңындағы дәрігер" нысандарын және басқа да кеңейту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Үшінші – қауіпті түрғын үй кешендерін жөндеу. Апатты ескі үйлерді сүру. Әлеуметтік үйлерді салып қана қоймай, қолданыстағы үйлерді де жөндеу қажет. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделді. Осы жылдың басында апатты жағдайдағы ескі үйлерде тұрып келген 400 отбасы жаңа қауіпсіз пәтерлердің кілттерін алды. Аталған шаралар биылды жалғасады", - деді елорда әкімі. Сонымен қатар Алтай Көлгінов қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды екенін айтты. "Төртінші - абаттандыру. Қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды. Үйден шыққан кезде абаттандырылған аулалар, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, алаңдар, бульварлар) болуы маңызды. Өткен жылы 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды, бос жерлер, батпақты жерлер және т. б. абаттандырылды. Осы жылы "жасыл" тұжырымдаманы іске асыруды жалғастырамыз: тал егу, бақшалар салу, қаланың көрікті жерлері мен мәдени нысандары аумақтарында жасыл желектердің санын ұлғайтамыз", - деді қала басшысы.
--> "Сұрақтарға жауап беріп, елорданы дамыту бойынша бірқатар маңызды бағыттарды талқыладық. Қаланы "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып дамытудамыз. Бірінші – тұрғын үй мәселесі. Өткен жылы елордада 3 млн шаршы метрден аса тұрғын үй салынды. Оның 80 пайызы жеке инвестициялар есебінен. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй саны үш есеге артты. Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Жеңілдікті пәтерлерді алушылар санатын кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының сомасын 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтамыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.Сондай-ақ қала басшысы Елбасы ұсынған "жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының жалғасатынын атап өтті. "Екінші – әлеуметтік нысандар құрылысы. Өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынды. Биыл оқушы орындарының саны 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Ірі мектептердің құрылысына көшеміз. Сондай-ақ, құрылысқа жеке инвестициялар тартамыз. Бұдан басқа, реаблитациялық орталықтар желісін, "үй маңындағы дәрігер" нысандарын және басқа да кеңейту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Үшінші – қауіпті түрғын үй кешендерін жөндеу. Апатты ескі үйлерді сүру. Әлеуметтік үйлерді салып қана қоймай, қолданыстағы үйлерді де жөндеу қажет. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделді. Осы жылдың басында апатты жағдайдағы ескі үйлерде тұрып келген 400 отбасы жаңа қауіпсіз пәтерлердің кілттерін алды. Аталған шаралар биылды жалғасады", - деді елорда әкімі. Сонымен қатар Алтай Көлгінов қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды екенін айтты. "Төртінші - абаттандыру. Қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды. Үйден шыққан кезде абаттандырылған аулалар, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, алаңдар, бульварлар) болуы маңызды. Өткен жылы 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды, бос жерлер, батпақты жерлер және т. б. абаттандырылды. Осы жылы "жасыл" тұжырымдаманы іске асыруды жалғастырамыз: тал егу, бақшалар салу, қаланың көрікті жерлері мен мәдени нысандары аумақтарында жасыл желектердің санын ұлғайтамыз", - деді қала басшысы.