«Астана жастары» орталығы арқылы 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
Бүгінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы арқылы жұмыссыз жүрген көптеген адам тұрақты қызметке орналасты. «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы бағыттарының бірі - жастарды жұмыспен қамту. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың басынан бері жұмыспен қамту мәселесімен 9 751 жас жолықты. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 7 452 жас қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 3 368 адам, жастар практикасына 552 адам, әлеуметтік жұмыс орындарында 39 адам, қоғамдық жұмыстарға 863 адам және қысқа мерзімді оқуға 38 адам жолданды», - деді Қайрат Қамбаров. Сонымен қатар Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру аясында 2 592 адам жұмысқа орналасты. Сол сияқты жастарды жазғы уақытта жұмыспен қамтуға, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы жүргізіледі. Жоба аясында маусым-тамыз айларында жұмыссыз студент пен көпбалалы отбасылардан шыққан 1 200-ге жуық жас қамтылды. Оның ішінде 731-і - көпбалалы отбасылардан шыққан. «Басқарма 2016 жылдан бастап 300-ден астам ұйыммен меморандумға отырып, «Astana job» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба бойынша 3 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты. Күніне 5 вакансия, ал жұмыс іздеушілерден 10-ға жуық түйіндеме түсіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыс ары қарай да жалғаса береді. Біз жұмыс іздеп жүрген жастарды және жұмыс ұсынушыларды ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. ⠀ Егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз немесе сізге жұмысшы қажет болса, түйіндеме мен өтінімдер job.astana.kz@mail.ru электронды пошта арқылы қабылданады. Мамандар жұмыс іздеушіге сәйкес бос жұмыс орындары мен қызметкерлерді таңдайды. ⠀ Қазіргі бос жұмыс орындары туралы ақпараттар @job_astana_jastary парақшасында жарияланып отырады.
-->Бүгінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы арқылы жұмыссыз жүрген көптеген адам тұрақты қызметке орналасты. «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы бағыттарының бірі - жастарды жұмыспен қамту. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың басынан бері жұмыспен қамту мәселесімен 9 751 жас жолықты. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 7 452 жас қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 3 368 адам, жастар практикасына 552 адам, әлеуметтік жұмыс орындарында 39 адам, қоғамдық жұмыстарға 863 адам және қысқа мерзімді оқуға 38 адам жолданды», - деді Қайрат Қамбаров. Сонымен қатар Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру аясында 2 592 адам жұмысқа орналасты. Сол сияқты жастарды жазғы уақытта жұмыспен қамтуға, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы жүргізіледі. Жоба аясында маусым-тамыз айларында жұмыссыз студент пен көпбалалы отбасылардан шыққан 1 200-ге жуық жас қамтылды. Оның ішінде 731-і - көпбалалы отбасылардан шыққан. «Басқарма 2016 жылдан бастап 300-ден астам ұйыммен меморандумға отырып, «Astana job» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба бойынша 3 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты. Күніне 5 вакансия, ал жұмыс іздеушілерден 10-ға жуық түйіндеме түсіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыс ары қарай да жалғаса береді. Біз жұмыс іздеп жүрген жастарды және жұмыс ұсынушыларды ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. ⠀ Егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз немесе сізге жұмысшы қажет болса, түйіндеме мен өтінімдер job.astana.kz@mail.ru электронды пошта арқылы қабылданады. Мамандар жұмыс іздеушіге сәйкес бос жұмыс орындары мен қызметкерлерді таңдайды. ⠀ Қазіргі бос жұмыс орындары туралы ақпараттар @job_astana_jastary парақшасында жарияланып отырады.