Антикор департаменті мен елорда әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Алғы сөзбен елорда әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі, онда қол қойылатын құжаттың маңыздылығын, яғни бірлескен жұмысына оң серпін беретінін атап өтті.
Меморандумның мақсаты – өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және ақпарат алмасу, сондай-ақ комплаенс саласындағы мамандарды үздіксіз оқыту процесін қамтамасыз ету арқылы корпоративтік мәдениетті дамыту.
-->Алғы сөзбен елорда әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі, онда қол қойылатын құжаттың маңыздылығын, яғни бірлескен жұмысына оң серпін беретінін атап өтті.
Меморандумның мақсаты – өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және ақпарат алмасу, сондай-ақ комплаенс саласындағы мамандарды үздіксіз оқыту процесін қамтамасыз ету арқылы корпоративтік мәдениетті дамыту.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет болып табылады. Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат азаматтық қоғаммен, оның ішінде парасатты бизнеспен әріптестік қатынастарға негізделе отырып, алдын алуға «бәс тігеді». Бұл тұрғыда бизнестің адалдығы өте маңызды. Сөз компаниялардың заң талаптарын және өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауы туралы болып отыр. Корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс тәуелсіз қызметтерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді қызметі болып табылады», - деп атап өтті өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула.