Электробустардың тиімділігі: Елордада 100 электрлі автобус жолаушы тасымалдайды
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, 2019 жылдың соңында CityBus 4 бағдарламасы іске асырылып, осы бағдарлама аясында елордада Yutong маркалы 100 электробус қолданысқа шығарылды. Қазіргі уақытта электробустар 5 бағыт бойынша (23, 25, 17, 40, 21) қызмет көрсетеді.
[caption id="attachment_62680" align="alignnone" width="696"] Фото: City Transportation Systems баспасөз қызметінен[/caption]
Осы уақыт ішінде электробустар өзінің тиімділігін көрсеткен.
«Олар толықтай электрлі автобус болғандықтан, ауаға зиянды заттар бөлбейді. Бұл қаланың көгалдануын жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар электробустар дизельді автобустарға қарағанда едәуір үнемді. Өйткені электр энергиясының құны дизельге қарағанда арзандау. Сол сияқты электробустардың агрегаттары техникалық қолдау мен жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді», - дейді City Transportation Systems мамандары.
Күнделікті ауысымнан кейін "Yutong" маркалы 12 метрлік электробустар қуатталу үшін арнайы станцияға жеткізіледі. Қалалық көлік 350 км жүру қорымен, сағатына 160 кВт батареямен жабдықталған. Қайта зарядтау процесі шамамен 5-6 сағатты құрайды.
[caption id="attachment_62681" align="alignnone" width="696"]
Фото: City Transportation Systems баспасөз қызметінен[/caption]
Сонымен қатар электробустар автономды дизельді жылытқыштармен де жабдықталған. Бұл қоғамдық көлік ішін қыстың күні жылумен қамтамасыз етеді.
Жайлы әрі дыбыссыз электр автобустарының қызмет көрсетуіе де ерекше. Мысалы, онда май ауыстырудың немесе басқа сұйықтық ауыстырудың қажеті жоқ.
«Пайдалану шығыны 80% дейін үнемделеді. Егер дизельді бағдарлардың шығыны тәулігіне 22-25 мың теңгені құраса, электробустардың шығыны одан 4-5 есеге аз. Автобусты тәулігіне бір рет қуаттау жеткілікті және ол толық бір күнге жетеді», - дейді мамандар.
https://www.youtube.com/watch?v=M9ntjzz9NLc&feature=youtu.be
Айта кетсек, алғашқы электр автобусы 1886 жылы Лондонда пайда болған. Ол орташа жылдамдықпен 11,2 км/сағ жүретін.
1899 жылы Санкт-Петербургте ресейлік инженер-өнертапқыш И.В. Романов бірінші автобус, яғни электрлік омнибус жобасын ұсынған. Түрлі ақпарат бойынша, 16-20 жолаушы сыятын омнибус сағатына 11 шақырымға дейінгі жылдамдықта жүрген.
Ал 1901 жылы оның бәсекелестері Мәскеудегі «Дукс» зауытында электр автобустарының партиясын шығарған. Бұл 10 орындық автобустардың жылдамдығы 20 км/сағ жетіп, 60 км жүріс қоры болған деседі.
Бүгінде елорда көшелерімен жүретін заманауи электр автобустары 350 км дейінгі жүру қоры бар, сағатына 160 кВт батареямен жабдықталған.