Сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау жеңімпаздары марапатталды
Ғылыми жарыс Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Жастар саясаты мәселелері басқармасымен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырып ұйымдастырды.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қатысты.
Ілияс Базилов жиналғандарды құттықтай отырып, “сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін шешу көбінесе жастардың ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасқан елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен жастардың өзара іс-қимылының одан әрі жүйелі жұмысы бойынша ұсыныс енгізіледі”, - деді.
Байқауға жоғары оқу орындарының 40-тан астам студенті қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша:
1-орын: Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 2-курс студенті Азат Күлмұханбетов;
2-орын: Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенттері Бекзад Ералиев, Бақбол Адуйн, Дидар Құрманалиев;
3-орын: Тұран-Астана университетінің 2-курс студенті Шыңғыс Айтжанов;
3-орын: Еуразия гуманитарлық институтының 3-курс студенті Әйгерім Әбілдина иеленді.
Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
-->Ғылыми жарыс Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Жастар саясаты мәселелері басқармасымен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырып ұйымдастырды.