Алтай Көлгінов: Әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі артады
Бұдан әрі - жаңа үйлерді сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 (1-кезек, жылумен жабдықтау), КОС-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және НФС-3 (сумен жабдықтау) жобалау мен құрылысы жүргізіледі. "Құрылыс компанияларына құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды, өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару да маңызды", - деді ол.
--> "Қалада өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй мәселесі - ерекше назарда. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысы, апатты әрі ескі үйлерді сүру, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Жетекші құрылыс компаниялары мен банктердің өкілдерімен кездесіп, осы жылға арналған жоспарларды талқыладық. Өткен жылы елордада рекордтық - 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өз тарапымыздан құрылыс компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз, пайдасы жоқ делдалдардан арыламыз", - деп жазды А.Көлгінов.Бұдан әрі - жаңа үйлерді сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 (1-кезек, жылумен жабдықтау), КОС-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және НФС-3 (сумен жабдықтау) жобалау мен құрылысы жүргізіледі. "Құрылыс компанияларына құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды, өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару да маңызды", - деді ол.