Алтай Көлгінов: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынды
Сондай-ақ, елордада 2021 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасын тапты. Ағымдағы айда 2,5 мың әлеуметтік пәтерге арналған 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (қолжетімді тұрғын үй) пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада жастарға арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаты кеңейтілді және т. б.
2022 жылы қалада тағы 10 мың жеңілдікті пәтер салынады.
-->«Тұрғын үй мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Пандемияға қарамастан өткен жылы елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Оның 80%-ы - жеке инвестициялар. Мемлекет басшысы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемін ұлғайту мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы – 2900 жеңілдікті пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Бұл көрсеткіш биыл 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.