Елорда жаңалықтары

Астанада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш бала дүниеге келді

Қала тұрғыны (өтініші бойынша аты-жөні көрсетілмейді) алғашқылардың бірі болып «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жүргізуге квота алды. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінді.

Тексеруден кейін жүргізілген консервативтік терапия әсерінің жоқтығын ескере отырып, ерлі-зайыптылар дәрігерлік консилиумның шешімі бойынша МӘМС шеңберінде ЭКҰ рәсімін жүргізу үшін кезекке қосылды.

Барлық прегравидарлық кезең және ЭКҰ рәсімі алдындағы дайындық, жүктілікті бақылау және босанудың өзі Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасының қабырғасында өтті.

Сәбидің анасы «Аңсаған сәби» бағдарламасы ата-ана бақытын сыйлағанын айрықша атап өтті.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласына 487 квота бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есе көп. Ұзақ уақыт некеде тұрған көптеген елордалық МӘМС аясында ЭКҰ бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болды.

-->

«Аңсаған сәби» жаңа бағдарламасы туралы естігенде күйеуім екеуміз бағымызды сынап, қатысу туралы шешім қабылдадық. Алдымен өз емханамызға барып, қажетті құжаттарды тапсырдық. Бала – өмірдің мәні. Өкінішке қарай, ұзақ уақыттан бері бала сүйе алмай жүрдік», - дейді бақытты ана.

Тексеруден кейін жүргізілген консервативтік терапия әсерінің жоқтығын ескере отырып, ерлі-зайыптылар дәрігерлік консилиумның шешімі бойынша МӘМС шеңберінде ЭКҰ рәсімін жүргізу үшін кезекке қосылды.

«Желтоқсан айында денсаулық сақтау басқармасы жұмыс комиссиясының мақұлдауын алып, №272 бұйрықтың критерийлеріне сәйкестігін ескеріп, МӘМС шеңберінде ЭКҰ өту үшін квота алды. Пациент ЭКҰ жасау үшін Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтын таңдап, 12 аптаға дейін дер кезінде есепке тұрды, ары қарай ауруханамыздағы дәрігерлердің барлық ұсынысын ұстанды», - дейді акушер-гинеколог Алуа Мансұрова.

Барлық прегравидарлық кезең және ЭКҰ рәсімі алдындағы дайындық, жүктілікті бақылау және босанудың өзі Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасының қабырғасында өтті.

Сәбидің анасы «Аңсаған сәби» бағдарламасы ата-ана бақытын сыйлағанын айрықша атап өтті.

«Бұл бағдарлама балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылар үшін үлкен мүмкіндік. Бұрын біз ақылы негізде ЭКҰ жасадық, бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. Бұл жолы да үмітіміз орындалмайды деп қатты алаңдап едік, бақытымызға қарай ата-ана атанып отырмыз. Бізді жүктілікке дейін және жүктілік кезінде басы-қасымызда болған дәрігерлерге алғысым шексіз. Аурухананың барлық медқызметкеріне рақмет айтқым келеді. Біз бақыттымыз!» - деп қуанышымен бөлісті.