Елорда жаңалықтары

Елордада педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне гүлзарлар мен саябақтар ашылуы мүмкін

"Елорданы "Нұр - Сұлтан-жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытып жатырмыз. Биыл тартылыс нүктелері мен жасыл аймақтар айтарлықтай ұлғаяды. Экологияны жақсарту мен қала тұрғындарының уақыт өткізуіне қолайлы орын құру үшін Нұр-Сұлтанды көгалдандырамыз. Бұдан басқа, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде, яғни саябақтарда, скверлерде, желекжолдада ағаш отырғызуды жалғастырамыз. Сонымен бірге "Қазақ елі" алаңы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, вокзал, әуежай, СОО, тұрақ кеңістігі және басқа да аумақтарда ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз. Жалпы биыл 120 мыңға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Елорданың жасыл белдеуінде 450 мыңнан астам көшет бар", - деп жазды елорда әкімі.

Сонымен қатар ол пандемияның жұртшылыққа денсаулықты сақтау және спортпен шұғылдану қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін атап өтті. "Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құтқарушылар және басқалар коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болды. Педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне тақырыптық гүлзарлар мен парктер ашып, оларды абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар "Астана Балет" маңындағы аумақта жасыл бақ, "Астана Опера" аумағында емен бағы, ал Триатлон паркте сирень бағы салынбақ. Қала жаңа түстермен жарқырайды. Елорданың әр ауданын көгалдандырамыз. Елбасы сұхбатында елорданың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалғанын атап өтті. Бұл тақырыпты жалғастырамыз: қала тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер, экоакциялар өткіземіз. Қаланы көгалдандыруға әркім өз үлесін қоса алады. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздер қай жерде көбірек жасыл желекті көргілеріңіз келеді, қаланың қандай аудандары мен орындарын көгалдандыру қажет?" - деді Алтай Көлгінов.

--> "Елорданы "Нұр - Сұлтан-жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытып жатырмыз. Биыл тартылыс нүктелері мен жасыл аймақтар айтарлықтай ұлғаяды. Экологияны жақсарту мен қала тұрғындарының уақыт өткізуіне қолайлы орын құру үшін Нұр-Сұлтанды көгалдандырамыз. Бұдан басқа, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде, яғни саябақтарда, скверлерде, желекжолдада ағаш отырғызуды жалғастырамыз. Сонымен бірге "Қазақ елі" алаңы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, вокзал, әуежай, СОО, тұрақ кеңістігі және басқа да аумақтарда ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз. Жалпы биыл 120 мыңға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Елорданың жасыл белдеуінде 450 мыңнан астам көшет бар", - деп жазды елорда әкімі.