Елорда жаңалықтары

Байқоңыр ауданы Тұңғыш Президент күнін қалай тойлады

Ауданның бірқатар жерінде, атап айтсақ:

• Кенесары к-сі, 51 
• Отырар к-сі, 10 
• Кравцов к-сі, 1, 1/1, 
• Тараз к-сі, 2, 2а 
• Жұбанова к-сі, 29 

мекенжайларында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған мерекелік бағдарламалар өтті.

Өндіріс және Кирпичный тұрғын алаптарының тұрғындары үшін де мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, «Өндіріс» тұрғын алабында Ақбидай-Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысында орналасқан «Ақбидай» саябағында (№21 мектептің жанында) аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған интерактивті ойын-сауық бағдарламалары және Өндіріс тұрғын алабындағы №49, №21, №23 және №34 орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. Турнир соңында №23 орта мектеп І орынды, №49 орта мектеп ІІ орынды, №34 орта мектеп ІІІ орынды, ал №21 орта мектеп ІV орынды қанжығаға байлады.

Кирпичный тұрғын алабының тұрғындары үшін Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысындағы саябақта аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы өтті. 

Сондай-ақ Казгородок тұрғын алабында «Замандас» аула клубында тоғызқұмалақтан турнир, «Шымыр» аула клубында каратэден турнир өтті.

Жазушылар аллеясында «Байқоңыр» ауданындағы мектептердің оқушылары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, бұқаралық мерекелік шаралар өтті. Көңілді старттар қатысушыларға қуат пен көптеген жағымды эмоциялар берді. Сонымен қатар, Жазушылар аллеясында орналасқан «QitapQala» ашық аспан астындағы кітапхана ұжымы Тұңғыш Президент күніне орай барлық балаларға кітап таратты.

«Байқоңыр» ауданының тұрғындары мерекелік шараларға белсене қатысып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

-->