Елорда жаңалықтары

"Рухы мықты асыл ер" сайысы мәресіне жетті

Көрнекті ғалым, абайтанушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толуына орай оқушылар арасында "Рухы мықты асыл ер" сайыс өтті. Оны қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен "Руханият" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

"Руханият" мекемесінің басшысы Мейрамғазы Сапарғалиев сайыстың мақсаты Алаш ардақтыларының ісін жалғастыру, Қайым Мұхамедхановтың өмір жолын зерделеу, оның еңбегін кеңінен насихаттау, қазақ тілінің өрісін кеңейту, отансүйгіш жастарды тәрбиелеу екенін атап өтті.

Сайыста бас жүлдені Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия оқушысы Ибраш Нұрислам алса, 1-орынды Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп оқушысы Ерсайын Мейрамұлы қанжығасына байлады.

2-орынды №76 мектеп лицейінің оқушысы Абылай Қайратұлы мен дарынды қыз балаларға арналған "Білім инновация" лицей-интернатының оқушысы Алина Жазылған алды.

3-орынды №48 мектеп-лицейінің оқушысы Алима Қалиева, №87 мектеп оқушысы Ілияс Мықтыбек, №67 гимназиясының оқушысы Динара Ақмолдаева қанағат тұтты.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

-->

"Қаладағы барлық мектептен өтініш түсті. Оның ішінде сайысқа 17 мектептің оқушысын іріктеп алдық. Бүгінгі сайыста осы оқушылар бағын сынады. Бұл конкурс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсатымыз – жастардың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру", – деді Мейрамғазы Сапарғалиев.