Елордада қар күреуге 1900-дей жол жұмысшысы жұмылдырылды
Бүгін, 23 қарашада қар тазалау жұмыстарына 1000 арнайы техника мен 1871 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар күреу жұмысы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 23 қарашада Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0-2 градус аяз болады.
Ертеңінде күндіз синоптиктер жауын-шашын (көбінесе қар), боран, көктайғақ болады деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан 9-14 м / с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз термометр 0 градус шамасында болады.
25 қарашада қар, боран және көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м / с жетеді, ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз болады.
-->Бүгін, 23 қарашада қар тазалау жұмыстарына 1000 арнайы техника мен 1871 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар күреу жұмысы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрге жуық қар шығарылды.