Нұр-Сұлтанда 24 қарашада дабыл қосылады
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.
-->“Төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) қосулары керек”, – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.