Елордада азаматтардың атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтанда 26 жастағы алаяқ құрықталды. Ол елорда аумағында және Алматы мен Атырау қалаларында да қылмыстар жасаған.
Анықталғанындай, алаяқ «Бюро ЮР и Консалтинговых услуг» атты ЖШС-нің директоры болумен қатар, өзін білікті заңгер ретінде де таныстыратын болған. Сонымен қатар, күдікті қоғамдық ұйым мүшесі болып, өзін депутаттың штаттан тыс кеңесшісі ретінде де көрсететін болған. Осылайша клиенттердің сеніміне кіріп, азаматтардың жеке деректемелерін сұрайды. Содан ол құжаттарға өз суретін сканерлеу арқылы онлайн несие рәсімдейтін болған. Ал алданған азаматтар банктерден мерзімі өткен төлемдер туралы қоңыраулар келіп түскеннен кейін ғана алаяқтың құрбаны болғандарын білген.
Жалға алынған кеңсені тінту барысында 15 жалған мөр тәркіленді.
Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
-->Нұр-Сұлтанда 26 жастағы алаяқ құрықталды. Ол елорда аумағында және Алматы мен Атырау қалаларында да қылмыстар жасаған.
Анықталғанындай, алаяқ «Бюро ЮР и Консалтинговых услуг» атты ЖШС-нің директоры болумен қатар, өзін білікті заңгер ретінде де таныстыратын болған. Сонымен қатар, күдікті қоғамдық ұйым мүшесі болып, өзін депутаттың штаттан тыс кеңесшісі ретінде де көрсететін болған. Осылайша клиенттердің сеніміне кіріп, азаматтардың жеке деректемелерін сұрайды. Содан ол құжаттарға өз суретін сканерлеу арқылы онлайн несие рәсімдейтін болған. Ал алданған азаматтар банктерден мерзімі өткен төлемдер туралы қоңыраулар келіп түскеннен кейін ғана алаяқтың құрбаны болғандарын білген.
“Алаяқтың айла амалдарына елорданың және басқа аймақтардың да тұрғындары түскен. Ол азаматтардың барлығы аталған күдіктіге консалтингтік қызмет алу үшін жүгінген. Осындай жәбірленушілердің бірімен алаяқ достық қарым-қатынаста бола тұра оның атына 4 онлайн-несие ресімдеген. Жәбірленушілерге келтірілген зиянның жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады”, – делінген хабарламада.