Елорда жаңалықтары

Елордада таңертеңнен бері 51 жол-көлік оқиғасы тіркелді

«Skoda Rapid» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керектігін ескертеді.

-->

“21 қарашада сағат 21:20 шамасында «Skoda Rapid» маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі Қ.Мұхамедханов көшесімен жүріп келе жатып, басқа қатарға ауысқан кезде келе жатқан көлікке жол бермеген. Нәтижесінде 22 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Mercedes-benz 240c» маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берген, соның салдарынан «Mercedes-benz 240c» маркалы автокөлігі аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.