Елорда жаңалықтары

Елордада мүгедек әйелді көршісі соққыға жыққан

30 мамырда екінші топтағы мүгедек әйел Ләззат Жарықбаева күйеуі жұмыс істейтін Қошке Кемеңгерұлы, 66 мекенжайындағы гараждың алдында "ходунокқа" сүйеніп тұрған. Артынша көшеден шу шыққан, әйел ақ BMW автокөлігінің күйеуі жөндеген барлық көлікті соққанын көрген.  

Әйелдің айтуынша, көлік рөлінде болған адам 15 күнге қамалған. Ал көршісіне қатысты ешқандай да шара қолданылмапты. 

Қазір Ләззат Жарықбаева төсектен тұра алмайды. Ал оның денсаулығына келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін қымбат сараптама қажет көрінеді. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жағдайды анықтап, толық ақпарат беретіндерін хабарлады. 

-->

"Мен барып, көліктерді соққан адам қашып кетпеуі үшін көлігінің кілтін алмақ болдым. Алайда көліктерді соққан адамның жанында болған менің көршім Қайрат басымды рөлге ұра бастады. Шашымды жұлып, темірмен ұрды, аяғым мен арқамнан тепкіледі", - дейді жәбірленуші Ләззат Жарықбаева.

Әйелдің айтуынша, көлік рөлінде болған адам 15 күнге қамалған. Ал көршісіне қатысты ешқандай да шара қолданылмапты. 

"Менің белім сынып, енді жүре алмай қалдым. Ми жарақаты анықталды", - дейді әйел.