Елорда жаңалықтары

Астанада есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Шара барысында полиция қызметкерлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұрын бірнеше рет сотталған 38 жастағы ер адам тұрғылықты мекенжайынан ұсталды.

«Үйді тінту барысында үйретілген иттің көмегімен 500 грамға жуық гашиш және марихуана есірткісі табылды. Анықталғандай бұл азамат бұған дейін қарақшылық пен ұрлық үшін істі болған. Ол қала аумағында есірткі сатумен айналысып келген. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден 318,7 грамм гашиш және 122,58 грамм марихуана есірткісі тәркіленді», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде айыпты уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір полицейлер елордаға есірткінің жеткізілу жолын анықтауда.

-->