Нұр-Сұлтанда бір түнде 4 мың текше метрден астам қар шығарылды
11 қаңтардан 12-сіне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 300-ден астам арнайы техника мен 50-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 14 500 текше метр қар шығарылды. Бүгін, яғни 12 қаңтарда қала бойынша қар жинау жұмыстарына 900-ге жуық арнайы техника мен 2000-нан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.
-->11 қаңтардан 12-сіне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 300-ден астам арнайы техника мен 50-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 14 500 текше метр қар шығарылды. Бүгін, яғни 12 қаңтарда қала бойынша қар жинау жұмыстарына 900-ге жуық арнайы техника мен 2000-нан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.