Елорда жаңалықтары

Елордада Мұқағали атындағы мәжіліс залы ашылды

Ақын атындағы зал оның шығармаларымен көмкерілген. Салтанатты шараға жиналған зиялы қауым, бұл әдебиет бен руханият үшін маңызы зор деп атады. Әрі әдебиетті сүюге және өлең құдыретін бағалай білуге баулиды. Мұзбалақ ақынның мол мұрасын насихаттап, рухани тағылымды орта қалыптастыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, биыл ақынның туғанына 90 жыл толды.

Мырзатай Жолдасбеков, қоғам қайраткері:

-->

– Басқасын қайдам, туған жер, Отан, өзінің туған халқы, ана тілі туралы Мұқағалидан асып жазған ақын жоқ. Мұқағали Мақатаев нені жазып, нені айтса да сурет болып ішкі дүниесі жайнап шыға келетін. Менің ұғымымда Мұқағали өлең жазбаған, ол кісіге өлең қонған. Өзі бір сөзінде айтып еді, маған өлең аққудың қанатымен келеді деп.