Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралады.
10.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында онлайн-кездесу өткізеді.
10.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Қазақстандағы телекоммуникация және цифрландыру саласының даму болашағы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді.
11.00-де бейнеконференция форматында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий Құбыр Консорциумы қатысушыларының акционерлер шартына қол қойылуының 25 жылдығына орай салтанатты отырыс өтеді.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасында Ирак Елекеевтің төрағалығымен өтетін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.
15.00-де бейнеконференция форматында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қатысушыларының отырысы өтеді.
16.00-де ANTIKOR ORTALYGY алаңында Қазақстан құрылысшылар одағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп баспасөз мәслихатын өткізеді.
17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің «Өзгерістер кезеңі» көрмесі ашылмақ.
-->9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралады.