Елорда жаңалықтары

Ашық бюджет интерактивті картасына елорданың 342 мекемесі бюджеттерін орналастырды

Ашық бюджеттердің интерактивті картасы – бұл сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсетуге және бақылауға, шағымдар, пікірлер жинауға және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сервис. Естеріңізге сала кетсек, ашық бюджеттердің интерактивті картасы 2018 жылдан бастап «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында әзірленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу туралы келісім жасалды. Картаның көмегімен кез келген қала тұрғыны бюджет қаражатының қалай және не үшін жұмсалатынын көре алады, өз ұсыныстарын енгізе алады. Бүгінгі таңда сайтта екі мыңнан аса мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың бюджеттері орналастырылған. 2019-2020 жылдары интерактивті картаға абаттандыру, жолдарды, әлеуметтік нысандарды жөндеу және электрондық билеттеу мәселелері бойынша 133 өтініш түсті. Ашық бюджетті енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, порталға қаланың 342 мекемесі мен ұйымдары өз бюджеттерін орналастырды.

-->