Елорда жаңалықтары

Бас қалада үздік эссе байқауы жарияланды

Байқауға тек елордалық жалпы білім беретін мектептердің 8-11-сынып оқушылары мен ЖОО және колледж студенттері қатыса алады. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Талаптарға сәйкес, мектеп оқушылары эссені кемінде екі парақта, ЖОО және колледж студенттері А4 форматында кемінде үш парақта тапсыруы тиіс. Айта кетейік, байқауға қатысу тегін.

Қатысушылар өз жұмыстарын өздері таңдаған тақырыптарға жібере алады. Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің рухани және шығармашылық мұрасы; оның ғылыми-шығармашылық еңбектері; Ыбырай Алтынсариннің ғылым мен білімге қосқан үлесі; Ыбырай Алтынсарин идеяларының қазіргі Қазақстандағы өзектілігі; көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнографтың Қазақстан тарихындағы рөлі мен маңызы; Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы.

Жұмыс 12-24 қараша аралығында қабылданады және тіркеледі.

Айта кету керек, үздік эсселер ақшалай сертификаттарға ие болады. Бірінші орын үшін – 300 мың теңге сомасындағы сертификат, екінші орын үшін – 150 мың теңге сомасындағы сертификат, үшінші орын үшін – 50 мың теңге сомасындағы сертификат.

Байқау туралы толық ақпаратты елордалық Дінтану орталығының elorda-din.kz ресми сайтынан білуге болады.

-->