Елорда жаңалықтары

Елордада азық-түлік дүкенінен ұялы телефон ұрлаған адам анықталды

Азық-түлік дүкенінің сатушысы ұрлық жасалғаны туралы полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, дүкенге келушілер кіріп-шығып, сауда жүріп жатқан кезде телефонын біреулер ұрлап кеткен. "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасаған 27 жастағы ер адам болып шықты. Достары азық-түлік сатып алып жатқанда, ол телефон ұрлап алған. Күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады. Бағасы 110 мың теңге тұратын ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

-->